• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №627 

339 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 6 қараша,Астана қаласы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Каленова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Т.БАЛЫҚБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 12 қараша 2015 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы №627 бұйрығына 1-қосымша «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: ауысу үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей. Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі; қайта қабылдау үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде; оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда; оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін. 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу нысанынан басқа оқу нысанына, бір тілдік бөлімнен басқа тілдік бөлімге, ақылы негізде оқудан білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы); 2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда қайта қабылдау үшін мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында қажетті құжаттар тізбесі: 1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы); 2) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы үшін төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжат. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы №627 бұйрығына 2-қосымша «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орындары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі-қызмет алушы ) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Алдын-ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген. 9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушы тұлғаны салыстыру үшін қажет). Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналасқан: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz. 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша нысан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама __________________________________________________________ берілді. (тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда) Ол 20__жылғы «___»_________ 20___ жылға «___»___________________ дейін ______________________________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері) ______________________________________________________________________________________________- (мамандығы, оқу түрі) _________________________________________________________________________________________оқыды. _______________________________________________________________________________ білім алған кезінде (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) төменде көрсетілген сәйкес мынадай пәндерді (оқу пәндері) оқыды, сынақтар мен емтихандар тапсырды № р/с Оқу пәндерінің атауы және оқу жоспары бойынша жұмыс түрлері Оқу уақыттарының (сағатта) көлемі Оқу жетістіктерінің бағасы оқу жоспары бойынша білім алушы­­лар­мен оқыл­ғаны сынақтар емтихандар (баға­­лар­ды санмен және) қорытынды (бағаларды санмен және жазумен көрсету) 1 2 3 4 5 6 7 Білім беру ұйымының басшысы ____________________________ __________ (Т.А.Ә.) (қолы) М.О. Тіркеу нөмірі ________ Берілген күні 20 __ ж. __________ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша _____________________________________ _____________________________________ оқу орны басшысының Т.А.Ә. (әкесінің аты - бар болса / _____________________________курстың _______________________мамандығының _____________________________тобының ______________________________студенті (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. /әкесінің аты - бар болса / Өтініш Маған__________________________________________________________________________________________ /себебін көрсету/ ______________________________________________________________________________________________ _______________________________байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама беруіңізді сұраймын. «____»_______________20 __ж. _____________________ /қолы/ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша нысан Көрсетілетін қызметті алушының тегі, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі-ТАӘ) ___________________________________________ (көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес, атап айтқанда: құжаттардың атауы: 1) _______________________________; 2) _______________________________; 3) _______________________________ толық құжаттар топтамасын ұсынғаныңызға байланысты _________________________________________________________________ (оқу орнының атауы) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын көрсетуге құжаттар қабылдағаны туралы қолхат береді. Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болса) (жауапты адам) (қолы) Орындаушы Т.А.Ә. (бар болса) _____________ Телефоны ___________ Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__ ж. «___» _________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12417 болып енгізілді.